"Халық - Казахинстрах" Қазақстан Халық Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы" АҚ A.M. Best Company халықаралық рейтитнгілік агенттігі оның рейтингілік бағалауларын жоғарлатқаны туралы хабарлады

01.03.12 14:26
/KASE, 01.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Халық - Казахинстрах" Қазақстан Халық Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), бүгін биржаға баспасөз- хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: A.M. Best Company халықаралық рейтингілік агенттігі "Қазақстан халық Банкі" АҚ еншілес компаниясы "Казахинстрах" АҚ рейтингілерін жоғарлатты, болжам - "тұрақты" 2012 жылдың 29 ақпанында A.M. Best рейтингілік агенттігі "Казахинстрах" АҚ қаржылық тұрақтылығының рейтингін B++(Good) деңгейіне дейін және компанияның несиелік рейтингін bbb деңгейіне дейін көтерді. Рейтингілер бойынша болжам – тұрақты. 2011 жылы A.M. Best рейтингілік агенттігі "Казахинтрах" АҚ қаржылық тұрақтылығының рейтингін В+ (Good) және несиелік рейтингін bbb- деп бағалап, тұрақты болжам жасағанын еске саламыз. Агенттіктің пікірінше, "Казахинстрах" АҚ жақсы қаржылық нәтижелерін, Қазақстанның сақтандыру нарығындағы мықты бәсекелестік қырларын, компанияның қорлау және табыстылығының жоғары деңгейін көрсетеді. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1163341 мекен-жайы бойынша танысуға болады.