/ТҮЗЕТІЛДІ/ "АТФБанк" АҚ (Қазақстан) KZPC2Y07B596 (KZ000A0TZZF1, ATFBb6) облигациялары бойынша 6-шы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8,40 % құрады

29.02.12 17:53
/KASE, 29.02.12, эмитенттің сыйақы мөлшерлемесін түзетуіне байланысты қайта таратылады/ – "АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің субординацияланған KZPC2Y07B596 (KZ000A0TZZF1, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb6; 100 теңге, 13,0 млрд теңге; 26.02.07 – 26.02.14, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон) облигациялары бойынша 2012 жылдың 26 ақпанынан бастап 2013 жылдың 26 ақпанына дейінгі купондық кезеңге купондық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,40 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Алдыңғы купондық кезеңде (2012 жылдың 26 ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,80 % пайызды құрады.