"Сбербанк Росcии" АҚ Еншілес Банкі (Қазақстан) "Сбербанк России" ААҚ ENRC тобына $2,0 млрд сомасына несие желісін ашқаны туралы хабарлады

29.02.12 11:12
/KASE, 29.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк Росcии" АҚ Еншілес Банкі (Қазақстан) (Алматы), биржаға 2012 жылдың 28 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Сбербанк" АҚ ЕБ ұйымдастырушылық қолдауымен "Сбербанк России" ААҚ феррохром және темір кенін өндіру саласы бойынша әлемдегі озық компаниялардың бірі ENRС тобына 5 жыл мерзіміне 2 млрд АҚШ доллары сомасына несие желісін ашты. Қаражат Топтың инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға жұмсалады. Мәміле әлемдік қарызға қаржыландыру нарығының 2012 жылдағы айтарлықтай көлемді оқиғаларының тізімін ашып, Банктің халықаралық операцияларды дамыту стратегиясының айқын мысалы болып табылады. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/TXBN/txbn_reliz_280212.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.