/KASE, 28.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың
28 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы
қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ) бойынша төменде берілген
шарттармен орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-
саттық өткізілді (Алматы уақытымен) деп хабарлайды.
ШЫҒАРЫЛЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
----------------------------------------- ---------------------------
Қағаз тұрпаты: МЕУЖКАМ-204
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKAKY170058
Шығарылымның реттік саны: 5 / 204
KASE сауда-саттық коды: MUJ204_0005
Атаулы құны, теңге: 1 000,00
Төлеу датасы: 28.02.12
Айналысқа жіберу датасы: 28.02.12
Айналыста болудың соңғы күні: 27.02.29
Өтеу датасы: 28.02.29
Айналыста болу мерзімі: 17 жыл (6 120 күн)
Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет*
Купондық төлем кестесі: 1 07.03.13
2 07.03.14
3 06.03.15
4 07.03.16
5 07.03.17
6 07.03.18
7 07.03.19
8 06.03.20
9 05.03.21
10 07.03.22
11 07.03.23
12 07.03.24
13 07.03.25
14 06.03.26
15 05.03.27
16 07.03.28
17 07.03.29
Уақыттық базасы: 30 / 360
----------------------------------------- ---------------------------
*айналыста болған толық 12 күнтізбелік ай
сайын айдың бесінші жұмыс күнінде.
ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:
---------------------------------------------------------------------
Жарияланған көлемі, млн теңге: 20 000,0
Сауда-саттық заты: Тиянақталған купон
Сауда-саттық заты бойынша нөлден кем немесе
ерекше шарттар: тең болмауы тиіс
Нарықтық өтінімдерді 70
қанағаттандыру дәрежесі, %:
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00
Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0)
Кесім уақыты: до 15:00 (Т+0)
Төлеу уақыты: до 15:00 (Т+0)
Өтінімдерді қанағаттандыру Кесім бағасы (мөлшерлемесі)
тәсілі: бойынша
----------------------------------------- ---------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
----------------------------------------- ---------------------------
Бастапқы дилер – \
қатысушыларының саны: 13
Берілген өтінімдер саны 2 588 / 25
(барлығы / белсенді):
Соның ішінде:
– шектелімді: 2 563 / 4
– нарықтық: 25 / 21
Белсенді өтінімдер көлемі*, 140 964,0
млн теңге:
соның ішінде:
– шектелген: 12 100,0
– нарықтық: 128 864,0
Өтінімге сұраным, %: 704,8
Берілген өтінімдер бойынша
купон мөлшерлемесі,
% (барлығы / белсенді):
– минималды: 0,01
– максималды: 0,01
– орта сараланған: 0,0100
---------------------------------------------------------------------
*белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған
сәтте сауда-саттыққа қатысушылары
жоймаған, соның ішінде Растау жүйесіне
қатысушылары растаған өтінімдер.
ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
---------------------------------------------------------------------
Қанағаттандырылған 20 000 000
өтінімдер көлемі,
облигация:
Қанағаттандырылған 23
өтінімдер саны:
Қанағаттандырылған 100,0
өтінімдер көлемінің
жоспардан %:
Купон мөлшерлемесі 0,01
(тиян.купон мөлш.), жылдық %:
---------------------------------------------------------------------
"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне
сәйкес МЕУЖКАМ-204 бесінші шығарылымын орналастыру бойынша жасалған
барлық мәмілелер сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу аяқталар
сәтте орындалды.
МЕУЖКАМ-ға салынған ақшаның индексациясы орналастыру кезінде
анықталған тиянақталған купонды өткен купондық кезеңдегі инфляция
индексіне қосудан алынған индекстелінген купонды есептеу арқылы
жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының статистика агенттігі жариялаған,
тұтынушылардың айлық индексіне қарай, соңғы 12 толық айдағы
(2011 жылдың 01 ақпанынан бастап 2012 жылдың 01 ақпанына дейін)
инфляция индексінің ағымдағы мәні 105,9499 құрады. Бұл қағаздардың
айналыста болудың барлық мерзіміне алынған купондық мөлшерлемесінің
интерполяциясы шартымен орналастырылған облигациялардың өтеуге
кірістілігі қазіргі уақытта жылдық 5,96 % деңгейінде бағаланатынын
көрсетеді.
МЕУЖКАМ, Қазақстан Республикасы зейнетақы жинақтаушы қорлары
арасында орналастырылатын, мемлекеттік облигациялар болып табылады.
МЕУЖКАМ айналыста болу мерзімінің ортасына дейін тек осы инвесторлар
категориясы арасында ғана айналыста бола алады. Бұдан әрі олар
нарықта еркін айналысқа жіберіледі.
Орналастырылған МЕУЖКАМ KASE қайталама нарығындағы айналысқа
кестеде көрсетілген кодпен автоматты түрде жіберіледі. Бұл ретте
облигациялары KASE сауда жүйесінде "таза емес" бағамен белгіленуі
тиіс.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің
шығарылым, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету
және өтелу ережелері
http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf
мекен-жайы бойынша жарияланған.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің
орналастыру ережелері
http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf
мекен-жайы бойынша жарияланған.