"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) Commerzbank AG компаниясымен жасалған несие туралы келісім-шарт бойынша негізгі қарызды өтеу есебіне $7,5 млн төлегені туралы хабарлады

28.02.12 12:39
/KASE, 28.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – Корпорация), биржаға ресми хат жолдап, "2012 жылдың 17 ақпанында Корпорация 2008 ж. 10 сәуіріндегі несие туралы келісім-шартқа (2009 ж. 21 желтоқсанындағы өзгертулері және толықтыруларымен) сәйкес, Commerzbank AG компаниясына 7,5 млн. АҚШ доллары сомасында негізгі қарызының кезекті төлемін жасағаны" туралы хабарлады.