"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) KZPC2Y07B596 (KZ000A0TZZF1, ATFBb6) облигациялары бойынша 6-шы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,90 % құрады
28.02.12 11:19
/KASE, 28.02.12/ – "АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына
(KASE) өзінің субординацияланған KZPC2Y07B596 (KZ000A0TZZF1, KASE
ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар"
санаты, ATFBb6; 100 теңге, 13,0 млрд теңге; 26.02.07 – 26.02.14,
инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон) облигациялары
бойынша 2012 жылдың 26 ақпанынан бастап 2013 жылдың 26 ақпанына
дейінгі купондық кезеңге купондық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,90 %
көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады.
Алдыңғы купондық кезеңде (2012 жылдың 26 ақпанына дейін) аталмыш
облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,80 % пайызды
құрады.