"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) 1,7 млрд теңге сомасына ірі мәміле жасауды көздеп отыр

27.02.12 17:10
/KASE, 27.02.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, "сақтандыру бойынша жауапкершілік сомасы 1 725 534 118 (бір миллиард жеті жүз жиырма бес миллион бес жүз отыз төрт мың жүз он сегіз) теңгені құрайтын ірі мәміле жасауды көздегені туралы" хабарлады.