KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдік) Қарағанды облысындағы "Қоңырат" кен орнында жұмыстардың қайта жанданғаны туралы хабарлады

27.02.12 12:46
/KASE, 27.02.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 27 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қазақмыс Тобы 2008 жылы жұмысы тоқтатылған "Қоңырат" мыс кенішіндегі тау-кен жұмыстарын қайта бастағандығын жариялап отыр. Кен орны шамамен 9 жыл бойы пайдаланылатын болады деп топшыланады. Кенді қойнау массасының көлемі 99 млн. тоннадан асатын болады, оның ішінде өндірілетін руда 57 млн. тоннаны құрайды. Компания Балқаш кен-байыту фабрикасында өңдеу үшін, 2012 жылы компания 3,5 млн.тонна руда өндіріп шығаруды жоспарлап отыр. Карьердің шығыс жақтауынан кен массасын өндіру ашық түрде жүргізілетiн болады. Қазірде кен орнында жер бедерін аршу жұмыстары жүргізілуде. Руданы өндіріп шығару жұмыстары жаз уақытында басталып, 2012 жылдың шілде айында жобалық қуаттылығына толық жеткізіледі. "Қоңырат" кеніші 300-ге тарта адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Кен орнында жұмыстар жүргізу үшін компания тау-кен техникасы мен қосалқы жабдықтарды сатып алуға 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөліп отыр. Кеніштегі автопарк тау-кен техникаларының 17 бірлігімен, соның ішінде экскаваторлармен, жүк көтергіштігі 130 тонналық БелАЗ автосамосвалдарымен, бульдозерлермен және автогрейдерлермен жарақталатын болады. Қосалқы жүргізілетін жұмыстар үшін отынқұйғыштар, вахталық тасымалдаушы автобустар, жүккөтергіштігі шағын автосамосвалдар, топырақ шашыратқыштар, оперативтік қызметкерлер құрамын тасымалдау үшін жеңіл автокөліктер сатылып алынды. Қазақмыс Тобының операциялық Бас директоры Сергей Дяченко өз сөзінде былай деді - "Қоңырат Қазақстандағы тау-кен қызметіміздегі құрметті орынды иеленіп отырған біздің ең көне кенішіміз болып отыр, және қазіргі мыс нарығында туындап отырған ағымды жағдай осы кен орнындағы қызметімізді қайта бастауға мүмкіншілік берді". Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыз: Қазақмыс Джон Смэлт Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +44 20 7901 7882 Тел: +44 78 7964 2675 Ирина Третьякова Қаржы талдаушысы Тел: +44 20 7901 7814 Мақсұт Жапабаев Алматыдағы Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +77 27 3304 556 Ләззат Смағұлова Балқаштағы баспасөз қызметінің басшысы Тел: +77 10 3662 201 Мерлин Дэвид Саймонсон Тел: +44 20 7726 8400 Мария Бабкина Тел: +44 20 7726 8400 цитата соңы