28 АҚПАН КҮНІ БИРЖАДА МЕУЖКАМ-204 БЕСІНШІ ШЫҒАРЫЛЫМЫН (KZKAKY170058) ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕДІ

24.02.12 18:44
/KASE, 24.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 28 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (Алматы уақытымен). --------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУЖКАМ-204 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKAKY170058 Шығарылымның реттік саны: 5 / 204 KASE сауда-саттық коды: MUJ204_0005 Атаулы құны, теңге: 1 000,00 Төлеу датасы: 28.02.12 Айналысқа жіберу датасы: 28.02.12 Айналыста болудың соңғы күні: 27.02.29 Өтеу датасы: 29.02.29 Айналыста болу мерзімі: 17 жыл (6 120 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет* Купондық төлемдер кестесі: 1 07.03.13 2 07.03.14 3 06.03.15 4 07.03.16 5 07.03.17 6 07.03.18 7 07.03.19 8 06.03.20 9 05.03.21 10 07.03.22 11 07.03.23 12 07.03.24 13 07.03.25 14 06.03.26 15 05.03.27 16 07.03.28 17 07.03.29 Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ -------------------- Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 20 000,0 Сауда-саттық заты: тиянақталған купон Сауда-саттық заты бойынша ерекше шарттар: нөлге тең немесе одан аз болмауы тиіс Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінім қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Төлеу уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға (мөлшерлеме) бойынша --------------------------------------------------------------------- *айналыста болған толық 12 күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде. МЕУЖКАМ-ға салынған ақшаның индексациясы орналастыру кезінде анықталған тиянақталған купонды өткен купондық кезеңдегі инфляция индексіне көбейтуден алынған индекстелінген купонды есептеу арқылы жүзеге асырылады. Өтінімде баға ретінде тиянақталған купонның мәні облигацияның атаулы құнынан, екінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіліп, жылдық пайызбен беріледі. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. МЕУЖКАМ, Қазақстан Республикасы зейнетақы жинақтаушы қорлары арасында орналастырылатын, мемлекеттік облигациялар болып табылады. МЕУЖКАМ айналыста болу мерзімінің ортасына дейін тек осы инвесторлар категориясы арасында ғана айналыста бола алады. Бұдан әрі олар нарықта еркін айналысқа жіберіледі. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек бастапқы дилерлер ретінде әрекет ететін KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Инвесторлар өз өтінімдерін осы заңды тұлғалар арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекенжайы бойынша жарияланған. Бастапқы дилерлер кестеде белгіленген уақытқа дейін, "Бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта, (бастапқы дилерлердің берген және KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің шығарылым, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.