2012 жылдың 27 ақпанынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

24.02.12 17:26
/KASE, 24.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2012 жылдың 27 ақпанынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 3 және 14 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "Қазақтелеком" АҚ (Астана) KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTK) жай акциялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_KZTK_003 және R_KZTK_014 кодтары берілді.