ҚҰБ ҚҚК "Атамекен-Агро" АҚ (Қазақстан) бірінші облигациялық бағдарламасының және K KZP01Y10D329 (KZ2C00000248, KATRb2) облигациялары шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген өзгертулерін тіркеді

23.02.12 17:13
/KASE, 23.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Алматы), өзінің бірінші облигациялық бағдарламасының және KZP01Y10D329 (KZ2C00000248, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, KATRb2; 1 000 теңге, 11,0 млрд теңге, 04.08.08 – 04.08.18; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 11,30 %; 30/360). облигациялары шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген өзгертулерінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 09 ақпанында тіркеп, "Атамекен-Агро" АҚ Директорлар кеңесінің құрамында, сонымен қатар "Атамекен-Агро" АҚ акционерлері мен тіркеушісі туралы мәліметтерде болған өзгерістерге байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/katr мекен-жайы бойынша жарияланған.