ҚҰБ ҚҚК "Атамекен-Агро" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерін тіркеді

23.02.12 17:07
/KASE, 23.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Алматы), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 09 ақпанында тіркеп, "Атамекен-Агро" АҚ Директорлар кеңесінің құрамында, сонымен қатар "Атамекен-Агро" АҚ акционерлері мен тіркеушісі туралы мәліметтерде болған өзгерістерге байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KATR/katrf9_izm_090212.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.