"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) жалпы сомасы 341,5 млрд теңгеге бірқатар ірі мәмілелер жасағаны туралы хабарлады

23.02.12 14:22
/KASE, 23.02.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Қоғам), биржаға ресми хат жолдап, "Қоғам 2012 жылдың 01 қаңтарынан 2012 жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімге 341 510 573 779 (үш жүз қырық бір миллиард бес жүз он миллион бес жүз жетпіс үш мың жеті жүз жетпіс тоғыз) теңге сомасына бірқатар ірі мәмілелер жасағаны туралы" хабарлады.