"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZ1P33820914 (KZ000A0RM3V6, TSBNp) артықшылықты акцияларының ҰСН туралы ақпарат өзгертілді

23.02.12 13:25
/KASE, 23.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2012 жылдың 22 ақпанындағы шешімімен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау мен бақылау жөніндегі комитетінің 2012 жылдың 25 қаңтарында "Цеснабанк" АҚ-ына (Астана) берген, бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің көшірмесі және "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 22 ақпанындағы хатының негізінде KASE сауда- саттық жүйесінде және деректер базасында "Цеснабанк" АҚ KZ1P33820914 (KZ000A0RM3V6, KASE ресми тізімі, бірінші санат, TSBNp) артықшылықты акцияларының ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН) туралы ақпарат KZ1P33820112 болып өзгертілді. Бұдан бұрын осы тақырып бойынша 2012 жылдың 07 ақпанында "ҚҰБ ҚҚК "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді" атауымен KASE жаңалығы http://www.kase.kz/kz/news/show/1162293 мекен-жайы бойынша жарияланды.