Fitch "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ (Қазақстан) рейтингілік бағалауларын растады, болжам "Тұрақты"

22.02.12 17:02
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 21.02.12, Fitch Ratings ағылшын тілінен аударма, KASE тақырыпшасы/ – Fitch ҚазЭкспортАстық Холдингі АҚ, Қазақстан рейтингілерін растады (бұдан әрі – "ҚазЭкспортАстық", бидай және май өнімдерін өндіруші): шетелдік және ұлттық вадютадағы ұзақмерзімді эмитент дефолтының рейтингілері ("ЭДР") "В" деңгейінде және ұлттық ұзақмерзімді рейтинг "BB(kaz)" деңгейінде. Сонымен қатар, агенттік рейтингілерді "Жағымсыз" белгісі қойылған Rating Watch тізімінен шығарды және рейтингілер бойынша "Тұрақты" болжамын берді. "Тұрақты" болжамын беру жақында анағұрлым ұзақмерзімді борыштық міндеттемелерін орналастыруы есебінен ҚазЭкспортАстықтың өтімділігінің жақсарғанын көрсетті. Компанияның ұлттық валютадағы қамсыздандырылмаған облигацияларына қорытынды "В-" рейтингі, қорытынды ұлттық "B+(kaz)" рейтингі және активтердің қайтарымдылығының қорытынды "RR5" рейтингі берілді. Қамсыздандырылмаған облигациялардың барлық рейтингілері Rating Watch тізімінде "Жағымсыз" белгісімен тұр. Облигациялар бойынша күткен рейтингілер Rating Watch "Жағымсыз" мәртебесімен "B(exp)", "BB(exp)(kaz)" және "RR4" деңгейінде болды. Осы баспаөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1163003 мекен-жайы бойынша танысуға болады.