EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC, Біріккен Корольдік) Павлодар облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандум жасағаны туралы хабарлады

22.02.12 13:55
/KASE, 22.02.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 22 ақпанындағы баспасөз- хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Бүгін ENRC PLC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) бас атқарушы директоры Феликс Вулис және Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша іскери ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның жалпы сомасы шамамен 2,350 млрд теңгені құрады. Қаржыландыру "ENRC Көмек" корпоративтік қоры арқылы, сондай-ақ ENRC-дің құрамына кіретін "Қазхром" ТҰК" АҚ, "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ мен "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ арқылы жүзеге асырылады. Меморандум талаптарына сәйкес компания тараптармен іріктелген және денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спортқа бағытталған жобаларды қаржыландырады. Қоғамдық бірлестіктер мен тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсететін мекемелерге көмек көрсетіледі. Барлық тізім бойынша 50-ден аса атаулы көмек пен жоба бар. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық мәтінімен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар арқылы танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_220212.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_220212_k.pdf – қазақ тілінде.