/KASE, 21.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған Еуразия даму банкі, биржаға 2012 жылдың
21 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:
Несиелік рейтингілері A3 (Moody’s), BBB (S&P) және BBB (Fitch) деп
бағаланған Еуразия даму банкі (ЕАДБ), ХҚЕС бойынша 2011 жылдағы
қаржылық қорытындыларын жариялады. ЕАДБ қаржылық есеп берушілігінің
тәуелсіз аудитін "КПМГ Аудит" ЖШС жүргізді.
2011 жылдағы негізгі қаржылық нәтижелер:
- ЕАДБ активтері 2011 жылдың соңында 2 837,7 млн АҚШ долларына
дейін өсті, олардың өсімі 2010 жылмен салыстырғанда 11 % немесе
285,1 млн АҚШ долларынан асты. Бұл өсім клиенттерге берілген
қарыздар көлемінің 821,0 млн АҚШ долларынан 1 344,0 млн АҚШ
долларына дейін, немесе 64 % дерлік өсуімен байланысты болды;
- ЕАДБ міндеттемелері 1 157,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл осы
көрсеткіштің 2010 жылдың соңындағы мәнінен 268,6 млн. АҚШ
долларына немесе 30% артық жоғары. Шығарылған борыштық бағалы
қағаздардың көлемі 1 037,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл осы
көрсеткіштің 2010 жылдың соңындағы мәнінен 227,1 млн АҚШ долларына
немесе 28% жоғары;
- ЕАДБ капиталы 2011 жылдың ішінде 16,5 млн АҚШ долларына өсті,
сөйтіп, 2011 жылдың соңында 1 680,0 млн АҚШ долларына жетті. ЕАДБ
жарғылық капиталы Қырғыз Республикасы өзінің жарнасын енгізуі
нәтижесінде өсіп, 1 515,7 млн АҚШ долларын құрады. ЕАДБ жарғылық
капиталындағы ең үлкен үлес Ресей Федерациясына (65,97%) және
Қазақстан Республикасына (32,99%) тиесілі. Беларусь Республикасының
үдесі 0,99% құрайды, Тәжікстан Республикасында – 0,03%, Армения
Республикасында – 0,01%, Қырғыз Республикасында – 0,01%;
- 2011 жылдың қорытындылары бойынша ЕАДБ таза табысы 2010 жылмен
салыстырғанда жартысынан көп ұлғайды (55%-ға) және 24,5 млн АҚШ
долларын құрады. Негізінен, бұл өсім 68,9 млн АҚШ долларын құраған
таза пайыздық табыстың өсуімен байланысты болды, бұл көрсеткіш
2010 жылғымен салыстырғанда 36,0 млн АҚШ долларына немесе 109 %-
ға артық.
2011 жылдың ішінде ЕАДБ инвестициялық портфелінің көлемі 32,7% – 2,6
млрд.-тан 3,4 млрд. АҚШ долларына дейін.
Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabr_reliz_210212.pdf мекен-жайы
бойынша танысуға болады.