21 ақпанда биржада 81-шығарылымның МЕОКАМ-36 (KZK2KY030817) сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізілмеді деп жарияланды

21.02.12 17:56
/KASE, 21.02.12/ –Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 21 ақпанында биржада Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 81-шығарылымның МЕОКАМ-36 (KZK2KY030817, KASE ресми тізімі, "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MOM036_0081; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 11.08.10 – 11.08.13, жарты жылдық купон жылдық 3,70 %; 30/360) сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы жоспарланғанын хабарлайды. Сатуға жарияланған көлемі 2 122 000 облигацияны құраған. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "Альянс Банкі" АҚ болды. Сауда-саттық мәні үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" (жиналған мүддені есептемегенде) болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданды. Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсы өтінімдердің бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты, олар 1 700 000 облигацияны сатып алуға үш өтінім жасады. Өтінімдер кезеңінің аяқталу сәтінде олар белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 80,1 % құрады. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 99,5500 % (жылдық 4,0 %) және 101,0001 % (жылдық 3,0 %) деңгейінде болды. Орташа сараланған "таза" баға 100,7442 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 3,1780 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлеміндегі зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесі - 58,8 %, қазпақсатандық екінші деңгейлі банктер клиенттерінің үлесі – 17,7 %, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесі – 23,5 %. Сатып алуға өтінімдердің жиынтық тізімдемесінің мәліметтерін қарастырып, сатушы осы арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілмеді деп жариялады.