EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC, Біріккен Корольдік) Қостанай облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандум жасағаны туралы хабарлады

21.02.12 16:17
/KASE, 21.02.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 20 ақпанындағы баспасөз- хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Бүгін ENRC корпорациясы мен Қостанай облысының әкімшілігі арасында 2012 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі әріптестік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Көп жылдық дәстүрдің жалғасы ретінде ENRC PLC Бас атқарушы директоры Феликс Вулис пен Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов өңірдің дамуына бағытталған ортақ Меморандумға қол қойды. Ағымдағы жылы корпорация облыстағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 937 млн теңге бағыттайды. Меморандум аясында бірқатар әлеуметтік, экономикалық және мәдени жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Жобаларды қаржыландыру "ENRC Көмек" корпоративтік қоры мен ENRC құрамындағы "ССКӨБ" АҚ арқылы жүзеге асырылатын болады. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық мәтінімен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар арқылы танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_200212.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_200212_k.pdf – қазақ тілінде.