"Қазақстан Халық жинақ банкі"акционерлік қоғамы "Halyk Finance" Қазақстан Халық жинақ банкінің еншілес ұйымы" акционерлік қоғамының Global Finance нұсқасы бойынша 2012 жылдағы Қазақстанның үздік инвестициялық банкі деп танылғаны туралы хабарлады

21.02.12 11:11
/KASE, 21.02.12/ – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) бүгін Қазақстан қор биржасына (KASE) 2012жылдың 21 ақпанындағы баспасөз- хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Халықаралық басылымның сарапшылары өткізген жыл сайынғы дәстүрлі зерттеудің нәтижелері бойынша "Halyk Finance" АҚ осымен қатарынан екі жыл "2012 жылдағы Қазақстанның ең үздік инвестициялық банкі" ("Best Investment Bank in Kazakhstan 2012") атағына ие болып келеді. Қазақстандық компания әлемнің 2012 жылдағы ең үздік инвестициялық банктерінің тізіміне енгізілген, бұл тізім "Global Finance" журналының сәуір айындағы нөміріне басылып шығады. Жеңімпаздарды анықтау барысында сарапшылар нарықтық үлесінің көлемі, мәмілелердің саны және қосынды көлемі, клиенттерге қызмет көрсету және кеңес беру деңгейі, мәмілелерді құрылымдау мүмкіндіктері, ағымдағы нарықтық жағдайда алдыға қойылған міндеттерді шешуге салған күші, сату арналарының тиімділігі, инновациялығы, бағалы қағаздарды орналастырудағы баға белгілеу және мәміле аяқталғаннан кейінгі бағаның әрекеті, сонымен қатар компанияның нарықтағы абыройы секілді шарттар қарастырылды. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1162909 мекен-жайы бойынша танысуға болады.