"ЦентрКредит банкі" АҚ "Темірбанк" АҚ-ның (Қазақстан) KZP07Y10C336 (KZ2C00000461, TEBNb18) ипотекалық облигациялары бойынша кепілдің жағдайын тексергенін хабарлады

17.02.12 14:12
/KASE, 17.02.12/ –Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темірбанк" АҚ (Алматы) KZP07Y10C336 (KZ2C00000461, TEBNb18; 0,01 теңге, 10,0 млрд теңге; 15.03.10 – 15.03.20, құбылмалы жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 10,00 %; 30/360) ипотекалық облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) "Темірбанк" АҚ-ның аталмыш облигациялар бойынша міндеттерін орындауының қамсыздандыруы болып табылатын кепілдік мүлігінің 2012 жылдың 01 қаңтарына кепілдіктің тізілімі мәліметтері бойынша ішінара тексерілгенін хабарлап, Биржаға ресми хат жолдады. Өткізілген тексеріс негізінде "ЦентрКредит Банкі" АҚ былай деп хабарлады: ...қамтылу және ипотекалық облигациялардың қамтылу коэффициентінің мәні облигациялар шығарылымы аңдатпасының және кепілдіктің келісім- шарты талаптарына сәйкес келеді. Ішінара тексерістің нәтижесінде, Өкіл "Темірбанк" АҚ қарыздар бойынша мәліметтерді есепке алу жүйесіне ақпаратты енгізуді, қарыз затының мониторингін бақылауды күшейтуге, қарыз бойынша негізгі қарызды өтеуге және ескертулерді жою бойынша қолданылған шаралары туралы хабарлауға кеңес берді. ҰСН KZP07Y10C336 облигациялары иелерінің алдындағы "Темірбанк" АҚ міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын, мүлік жағдайын талдауды жүргізу үшін қажетті ұсынылған ақпараттың нақтылығына "Темірбанк" АҚ басшылығы жауап береді.