"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Қазақстан) KZP02Y09C172, KZ2C00000453 (TXBNb5) облигациялары бойынша 4-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8,80 % құрады

16.02.12 15:34
/KASE, 16.02.12/ – "Сбербанк России" АҚ еншілес банкі (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің субординацияланған KZP02Y09C172 (KZ2C00000453 KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TXBNb5; 1 теңге, 5,0 млрд теңге, 26.08.10 – 26.08.19, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон) облигациялары бойынша 2012 жылдың 26 ақпанынан бастап 26 тамызына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,80 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 26 ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,30 % пайызды құрайды.