KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдік) өзінің 2011 жылғы Шығыс-Қазақстан облысындағы өндірістік қызметінің қорытындыларын жариялады

16.02.12 15:23
/KASE, 16.02.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 15 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлайды: цитата басы Қазақмыс Тобы 2011 жыл ішіндегі Шығыс Қазақстан облысындағы өндірістік қызметінің нәтижелерін жариялады. Қорытындылау мәжілісінің жұмысында "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. "Шығыстүстіметалл" ӨБ-нің көптеген кеніштерінде жағымды нәтижелерге қол жеткізілген. 2011 жылдың 12 айы ішінде руда өндірудің көлемі алдыңғы жылдағымен салыстырғанда, 2 пайызға артып, 4,7 млн.тонна руда көлемін құрады. Өндірілген рудадағы мыстың, қорғасын мен мырыштың құрамдылықтары тиісінше 114 мың тонна, 21 мың тонна және 185 мың тонна болып шықты. Компания аймақтағы кәсіпорындардың өндірісін модернизациялауға қомақты қаражат салып келеді. Өткен жылы Артемьев кенішінде кері толтыру үшін цемент даярлау цехын модернизациялау бағдарламасы аяқталды. 2012 жылы Николаев кен байыту фабрикасын қалпына келтіру жүзеге асырылады әрі соған 70 млн АҚШ доллары шамасында қаражат бөлініп отыр. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_150212.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.