2012 жылдың 16 ақпанында "Батыс Транзит" АҚ (Қазақстан) міндеттемелері бойынша несие берушілер комитетінің отырысы өтеді
16.02.12 14:30
/KASE, 16.02.12/ – "Батыс Транзит" АҚ (Алматы) Қазақстан қор
биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KZ2CKY13B996
(KZ000A0T88N8, BTTRb1; 100 теңге, 18 830,0 млн теңге; 30.03.06 –
30.03.19, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон,
ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,60 %; 30/360) инфрақұрылымдық
облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "АТФБанк" АҚ
(Алматы), биржаға ресми хат жолдап, "а.ж. 16 ақпанында сағат
16:30-да Қазақстан қаржыгерлерінің бірлестігінде (бұдан әрі – ҚҚБ)
"Батыс Транзит" АҚ міндеттемелері бойынша Несие берушілер комитетінің
отырысы, сондай-ақ, Қоғамның өкілдерінің қатысуымен Қоғамның "Батыс
Транзит" АҚ 2018 жылға дейінгі перспективалары мен жоспарлары" атты
презентациясы болатыны туралы" хабарлады.