"ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ (Қазақстан) 14 ақпанда өзінің 1 175 000 KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASTb3) облигациясын биржада жылдық 10,0% орналастырды

14.02.12 17:48
/KASE, 14.02.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ (Астана) KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар қарыздық бағалы қағаздар" санаты, KASTb3; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 18.07.11 – 18.07.16; жарты жылдық купон жылдық 8,50 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "ЦентрКредит Банкі" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болды. Эмитент сауда-саттықта KZ2C0Y05E065 1 000 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 2,5 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар жеті өтінім берді, солардың ішінде 1 178 000 облигация сатып алуға берілген үш ордер өтінімді беру кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда- саттықтағы сұраныс ұсыныстың 117,8 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 92,0000 % (жылдық 10,8 %) бастап 94,7248 % (жылдық 10,0 %) дейін құбылды және орташа сараланған мәні 94,7179 % (сатып алушы өтеуіне жылдық 10,0 %).тең болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 94,7248 % деңгейінде бекітті, бұл облигациялардың сатып алушының өтеуіне жылдық 10 % көлемінде сәйкес келеді. Осы баға бойынша екі өтінімді қанағаттандырды. сөйтіп 1 175 000 облигацияны орналастырды. Осы орайда тартылған сома 1 120 229 594,45 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалды. Орналастырылған облигациялардың жалпы көлемінің 85,1 % зейнетақы нарығының субъектілері сатып алған, 14,9 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың клиенттері.