"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) өзінің 2011 жылдағы қызметінің өндірістік және қаржылық нәтижелерін жариялады

15.02.12 17:15
/KASE, 15.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 14 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы 2011 жылы kaspi bank-тің өнімдері мен қызметтерін 2 миллионнан астам қазақстандық пайдаланды. Қарапайым өнімдерге, жаңа бөлімшелер ашуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға сүйене отырып, осындай нәтижеге қол жеткізілді. 2011 жыл бойы kaspi bank 2 миллионнан астам қазақстандықтарға банк өнімдері мен қызметтерін ұсынды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша kaspi bank сатылым желісін кеңейту бойынша көшбасшы атанды, бүгінгі таңда банктің сатылым желісі 650-ден астам филиалдан, бөлімшеден және сату орындарынан тұрады. 2011 жыл бойы банк барынша белсенді жұмыс берушілердің бірі болды, өйткені Қазақстандағы жоғары оқу орындарының түлектері үшін жаңа 1 200 жұмыс орнын ашты. Қазіргі таңда kaspi bank қызметкерлерінің саны – 5 000-нан астам адам. - Депозиттер 24%-ға артып, 322 млрд. теңгені құрады. - Таза несие портфелі 20%-ға өсіп, 324 млрд. теңгені құрады. - kaspi bank-тің таза пайдасы 2010 жылғы 2.2 млрд. теңгемен салыстырғанда 2011 жылы шамамен 8.8 млрд. теңгені құрады. *деректер аудит жүргізілмеген, ХҚЕС бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікке негізделген цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_reliz_150212.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.