"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің Басқармасының құрамында болған өзгерістер туралы хабарлады

16.02.12 09:41
/KASE, 16.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 15 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ 13.02.2012 жылғы (хаттама № 1/2012) "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ орталық аппаратының жаңа құрылымы бекітілгені туралы хабарлайды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының 14.02.2012 жылғы шешімі негізінде (хаттама № 15) және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Л.Кииновтың жеке құрам бойынша бұйрықтарына сәйкес басшылық құрамға өзгерістер енгізілді. Басқарма төрағасының корпоративтік даму жөніндегі бірінші орынбасары болып бұрын "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры (Басқарма мүшесі) қызметін атқарған Данияр Берлібаев тағайындалды. Басқарма төрағасының геология және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары болып бұрын "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бас геологы қызметін атқарған Құрманғазы Есқазиев тағайындалды. Басқарма төрағасының өндіру және техникалық дамыту жөніндегі орынбасары болып бұрын "Н Оперейтинг Компани" ЖШС бас директоры қызметін атқарған Тимур Бимағамбетов тағайындалды. Басқарма төрағасының тасымалдау инфрақұрылымы жөніндегі орынбасары болып бұрын "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры (Басқарма мүшесі) қызметін атқарған Нұртас Шманов тағайындалды. Басқарма төрағасының өңдеу және мұнай-химия жөніндегі орынбасары болып бұрын "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі басқарушы директоры (Басқарма мүшесі) қызметін атқарған Данияр Тиесов тағайындалды. Басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары болып бұрын "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры (Басқарма мүшесі) қызметін атқарған Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды. Заң қызметінің басшысы болып бұрын "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басшы менеджері (Басқарма мүшесі) қызметін атқарған Ержан Жанғауылов тағайындалды. цитата соңы