/ҚАЙТАЛАУ/ 21 АҚПАНДА БИРЖАДА 81 ШЫҒАРЫЛЫМНЫҢ МЕОКАМ-36 (KZK2KY030817) САТУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕДІ

16.02.12 09:26
/KASE, 16.02.12, 08.02.12 жаңалықты қайталау/ – 2012 жылдың 21 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 81 шығарылымның МЕОКАМ-36 (KZK2KY030817, KASE ресми тізімі, "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MOM036_0081; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 11.08.10 – 11.08.13, жарты жылдық купон жылдық 3,70 %; 30/360) сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "Альянс Банкі" АҚ (Алматы) болады. Сатуға жарияланған көлемі 2 122 000 облигацияны құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 11:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – MOM036_0081. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күнінің ALT 15:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында өтінімдерді қанағаттандыру сәтінде (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сату алудың өтінімін қанағаттандыру тәсілі – шектелімді қарсы өтінімдердің кесімді бағаға тең бағалары бойынша немесе сатушы үшін пайдалырақ баға бойынша. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – орташа сараланған баға бойынша. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі – 30 %. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, қызмет көрсету және өтеу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. МЕОКАМ осы шығарылымы бойынша толық ақпаратпен http://www.kase.kz/kz/gsecs/show/MOM036_0081 мекен-жайы бойынша танысуға болады.