"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) The Rompetrol Group ірі көлемді өнеркәсіптік ысырмалардың румындық нарығына шыққаны туралы хабарлайды

14.02.12 16:44
/KASE, 14.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми (KASE) тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 14 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы The Rompetrol Group Rominserv Valves Iaifo Zalău еншілес компаниясы арқылы Румынияның 4,3 тоннадан асатын ірі көлемді өндірістік ысырмалар рыногына шықты. Күні бүгінге дейін осы компанияда құйылатын бөлшектердің көлемі 2,2 тоннадан аспаған болатын. - Біз аталған бұйымдарды әзірлеу, қалыптастыру және құю бойынша инновациялық техникалық және инженерлік шешімдерді қарастырдық. Мысалы, осындай қосалқы бөлшектерді жасау үшін қажет болатын шойын көлемі 5 тоннадан асады. Бұл жетістік әрбір тапсырыс берушінің арнайы талаптарының негізінде шойын және болат өнеркәсіптік ысырмаларды жасауда біздің қабілетіміз бен тәжірибеміздің бар екенін, сондай-ақ компанияға жеке өнімінің түр-түрін кеңейтуге мүмкіндік беретін технологиялар мен мамандардың жоғары деңгейін көрсетеді - деп атап өтті Rominserv Valves Iaifo Zalău Бас директоры Иоан Давид. Ағымдағы жылдың қаңтар айында компания американдық компания үшін компрессорлар дайындауда қолданылатын диафрагма түріндегі 6 бұйымды әзірлеу жұмысын аяқтады. Көлемі 3,4x1,7x0,7 м. болатын бөлшектерді әзірлеу үшін 27 құю өзегі пайдаланылды, ал бөлшектердің өзі ASTM стандартына сай келетін шойыннан құйылды. цитата соңы