"ЦентрКредит Банкі" АҚ (Қазақстан) KZPC7Y10B656 (KZ000A0T88K4, CCBNb14) облигациялары бойынша 12-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,90 % құрады

14.02.12 14:40
/KASE, 14.02.12/ – "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC7Y10B656 (KZ000A0T88K4, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CCBNb14; 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 10.10.06 – 10.10.16, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары бойынша он екінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,90 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 10 сәуіріне дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,80 % пайызды құрайды.