"ЦентрКредит Банкі" АҚ (Қазақстан) KZPC3Y10B655 (KZ2C00000495, CCBNb10) облигациялары бойынша 14-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,90 % құрады

14.02.12 12:41
/KASE, 14.02.12/ – "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC3Y10B655 (KZ2C00000495, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CCBNb10; 100 теңге, 3,0 млрд теңге; 08.10.05 – 08.10.15, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары бойынша он төртінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,90 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 08 сәуіріне дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,80 % пайызды құрайды.