"ЦентрКредит Банкі" АҚ (Қазақстан) KZPC2Y10B657 (KZ2C00000628, CCBNb9) облигациялары бойынша 14-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,90 % құрады

14.02.12 12:28
/KASE, 14.02.12/ – "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC2Y10B657 (KZ2C00000628, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CCBNb9; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 16.08.05 – 16.08.15, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары бойынша он төртінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,90 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 16 ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,80 % пайызды құрайды.