/ҚАЙТАЛАУ/ "HALYK FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "BCC INVEST" АҚ "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ ХОЛДИНГІ" АҚ-НЫҢ БИРЖАДА KZ2C0Y05E065 (KASTB3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН АЛҒАШ ОРНАЛАСТЫРУДЫ КӨЗДЕП ОТЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ

14.02.12 09:49
/KASE, 14.02.12, 07.02.12 жаңалықты қайталау/ – "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ" холдингі" АҚ-ның (Астана) KZ2C0Y05E065 (KASTb3) облигацияларының андеррайтерлері болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) және "ЦенрКредит банкі" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) бүгін "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ына (KASE) ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ" холдингі" АҚ (Эмитент) KZ2C0Y05E065 (KASTb3) үшінші шығарылым облигацияларын орналастырылмаған бөлігін "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде арнайы мамандандырылған сауда- саттықты өткізу арқылы ұйымдастырылған нарықта жалпы сатуға ұсынуды жоспарлап отырғанын хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтарды өткізуді болжап отырған күн – 14 ақпан. Эмитент арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатып алуды ұсынғалы отырған аталмыш шығарылымның облигацияларының жарияланған индикативті көлемі көлемі 1 000 000 облигация. Эмитент облигацияларды өтеуге кірістілік мөлшерлемесіне сәйкес бағамен жылдық 10 % мөлшерінде орналастыруды жоспарлап отыр. Егер инвесторлар өтеуге кірістілік мөлшерлемесіне сәйкес бағамен жылдық 10 % мөлшерінде берген өтінімдердің көлемі ұсыныстың жарияланған индикативті көлемінен асатын болса, Эмитент орналастыруға ұсынып отырған облигациялардың көлемін көбейтіп, 1 000 000 астам облигация орналастыруы мүмкін. Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін "Halyk Finance" АҚ және "BCC Invest" АҚ келесі өкілдеріне хабарласуыңызды сұраймыз. "Halyk Finance" АҚ: Фархад Охонов (тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FarhadO@halykbank.kz), Юлия Феллер (тел. 8(727) 330-62-12, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FellerY@halykbank.kz) "BCC Invest" АҚ: Юлия Голощапова (тел. 8 (727) 259-85-98 (ішкі 7299), факс 8 (727) 244-32-31, e-mail: jgoloshapova@bcc-invest.kz)