14 ақпаннан бастап KASE қайталама нарық секторында "Delta Bank" АҚ (Қазақстан) KZP01Y05Е178 (KZ2С00001709, NFBNb2) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

14.02.12 09:42
/KASE, 14.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 14 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Delta Bank" АҚ (Алматы) KZP01Y05Е178 (KZ2С00001709, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар", NFBNb2; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 18.01.12 – 18.01.17, жарты жылдық купон жылдық 9,50 %, 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2012 жылдың 18 қаңтарынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/nfbn мекен-жайы бойынша жарияланған.