ҚҰБ ҚҚА "Альянс банкі" АҚ акциялар шығарылымы аңдатпасының өзгертулерін тіркеді

13.02.12 10:50
/KASE, 13.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс банкі" АҚ (Алматы), акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерді көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 14 желтоқсанында тіркеп, "Альянс банкі" АҚ артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілді мөлшерінің өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbnf9_141211.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.