"БТА Банкі" АҚ "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Қазақстан) облигациялары бойынша кепілдің күйін тексеруі туралы хабарлады

10.02.12 15:10
/KASE, 10.02.12/ – "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған: - KZ2CKY10B455 (KZ2C00000487, CCBNb6; 1 000 теңге, 1,3 млрд теңге; 29.12.04 – 29.12.14, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге 10,20 %); - KZPC2Y10B657 (KZ2C00000628, CCBNb9; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 16.08.05 – 16.08.15; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге 9,80%); - KZPC4Y10B653 (KZ2C00000503, CCBNb11; 100 теңге, 2,0 млрд теңге; 27.12.05 – 27.12.15; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге 9,70 %); - KZPC0Y05B651 (KZ2C00000537, CCBNb17; 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 16.05.07 – 16.05.12; жарты жылдық купон жылдық 8,50 %), ипотекалық облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "БТА Банк" АҚ (Алматы) биржаға ресми хат жолдап, "ЦентрКредит банкі" АҚ осы облигациялары бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін кепіл мүлігінің күйін 2012 жылдың 01 қаңтарына тексеру жүргізілгені туралы хабарлады. Жүргізілген тексерудің негізінде "БТА Банкі" АҚ төмендегіні мәлімдеді: Ипотекалық облигацияларды қамсыздандыру коэффициенті KZ2CKY10B455 – 126.05%, KZPC2Y10B657 – 125.00%, KZPC4Y10B653 – 125.04%, KZPC0Y05B651 – 110.02% құрады, бұл "ЦентрКредит Банкі" АҚ көрсетілген облигациялар шығарылымының эмиссиялар аңдатпасының талаптарын қанағаттандырады.