09 ақпаннан бастап KASE қайталама нарық секторында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Қазақстан) USN45748AB15, US45867EAB20 (INCAe2) халықаралық облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

09.02.12 10:53
/KASE, 09.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 09 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) USN45748AB15, US45867EAB20 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, INCAe2; $600,0 млн; 14.05.07 – 14.05.17, жарты жылдық купон 6,375 %, 30/360) халықаралық облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2011 жылдың 11 қарашасынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/inca мекен-жайы бойынша жарияланған.