"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) өзінің KZPC1Y10C111, KZ000A0TZW02 (BTAIb11) облигациялары бойынша 11-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

08.02.12 12:47
/KASE, 08.02.12/ – "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) өзінің KZPC1Y10C111 (KZ000A0TZW02, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb11; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 04.08.06 – 04.08.16; инфляция деңгейімен инекстелінген жарты жылдық купон жылдық 6,50 %, 30/360) ипотекалық облигациялары бойынша он бірінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 255 450,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.