16 АҚПАНДА БИРЖАДА "СБЕРБАНК РОССИИ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ЕНШІЛЕС БАНКІНІҢ KZP01Y07E018 (KZ2C00001725, TXBNB6) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

07.02.12 19:39
/KASE, 07.02.12/ – 2012 жылдың 16 ақпанында KASE сауда- саттық жүйесінде "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкінің (Алматы) KZP01Y07E018 (KZ2C00001725, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TXBNb6; 1 теңге, 20,0 млрд теңге; 23.12.11 – 23.12.18; жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) субординацияланған облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2011 жылдың 23 маусымында 100,0 млрд теңге сомасына Е01 нөмірімен тіркеген, "Сбербанк России" АҚ Еншілес банкінің екінші облигациялық бағдарламасының аясында бірінші және биржада листинг процедурасынан өткен, аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының алтыншы шығарылымы болып табылады. Орналастырудың жарияланған көлемі 10 000 000 000 KZP01Y07E018 облигация (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 50,0 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – TXBNb6. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күнінің ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00 ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сату алудың өтінімін қанағаттандыру тәсілі – өтінімдердің кесімді бағаға тең бағалары бойынша немесе сатушы үшін пайдалырақ баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/TXBN/txbnf9b6_2011.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Аталмыш облигациялық бағдарламаның аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/TXBN/txbnf4_2_2011.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.