2012 ЖЫЛДЫҢ 16 АҚПАНЫНДА БИРЖАДА "РЕГИОНАЛЬНОЕ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 13 572 KZ1C54270018 (KZ1C00000710, RGNL) ЖАЙ АКЦИЯСЫН САТУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

07.02.12 19:32
/KASE, 07.02.12/ – 2012 жылдың 16 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Региональное" АҚ (Алматы) KZ1C54270018 (KZ1C00000710, KASE ресми тізімі, үшінші санат, RGNL) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта өкілетті сатушы "АТФ Финанс" АҚ (Алматы) болады. "Региональное" АҚ жарияланған акцияларының жалпы саны қазіргі уақытта 3 629 300 дананы құрайды, оның ішінде 52 000 данасы орналастырылды. 13 572 жай акцияны сату көзделіп отыр (орналастырылған акциялардың жалпы санының 26,1 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – RGNL2. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық өтетін күннің 15:00 ALT дейін анықтайды. Кесімді бағадан төмен бағамен берілген өтінімдер алынып тасталады. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес 2012 жылдың 16 ақпанында (Т+0) жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік есеп-шотында 13:00 ALT болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бір жай акцияның бағасы теңгемен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны сатылатын акциялардың санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі сатылатын акциялардың бір акцияның бағасына көбейтіндісіне тең болуы тиіс. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын өтінімдердің бағалары бойынша. Өтінімдер түспеген жағдайда немесе потенциалды сатып алушылар тарабынан қанағаттандырмайтын баға параметрлері түскен жағдайда, арнайы мамандандырылған сауда-саттық негізгі берілген параметрлері өзгертілместен келесі жұмыс күніне 2012 жылдың 17 ақпанына ауыстырылады. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/kz/shares/show/RGNL мекен-жайы бойынша жарияланған.