ҚҰБ ҚҚК "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

07.02.12 16:21
/KASE, 07.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Цеснабанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі - банк), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына тіркелген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмелерін және бұрынғысын алмастыратын, 2012 жылдың 25 қаңтарындағы бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) банктің акциялар шығарылымы аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталған куәлік банктің жарияланған акциялары санының көбеюіне байланысты ауыстырылды; - банктің жарияланған акцияларының жалпы саны 80 000 000 дана, оның ішінде 77 500 000 – KZ1C33820016 жай акциялары, 2 500 000 – KZ1P33820112 артықшылықты акциялары; - банк акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3382 нөмірімен енгізілді; - 2011 жылдың 20 желтоқсанындағыі жағдай бойынша банктің 27 500 000 жай акциясы және барлық артықшылықты акциясы орналастырылған, оның жарғылық капиталы 30 000 000 000 теңге көлемінде қалыптасты. Банктің акциялар шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbnf9_izm_250112.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.