"Қазақтелеком" АҚ "GSM Қазақстан "Қазақтелеком" ААҚ" ЖШС-ғы 49% қатысу үлесін сату жөніндегі мәміленің жабылуы туралы хабарлайды

02.02.12 14:58
/KASE, 02.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 02 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Қазақтелеком" АҚ "GSM Қазақстан "Қазақтелеком" ААҚ" ЖШС-ғы 49% қатысу үлесін сату жөніндегі мәміленің сәтті жабылуы туралы хабарлайды. Бұрын "GSM Қазақстан "Қазақтелеком" ААҚ" ЖШС-ғы "Қазақтелеком" АҚ- ның 49% қатысу үлесін (Kcell, Activ, Vegaline сауда үлгілері) сатуға қатысты TeliaSonera A.B. еуропалық телекоммуникациялық холдингпен бекітілген мәміле аясында, қажетті кейінге қалдырылатын шарттар тараптармен орындалды және оны жабу іске асырылды. "Қазақтелеком" АҚ өзінің 49-пайыздық қатысу үлесін 1,519 млн АҚШ долл. бағасымен сатты. Сонымен бірге, мәміле шарттары бойынша, "GSM Қазақстан "Қазақтелеком" ААҚ" ЖШС сәтті IPO өткізген (IPO бағасы сату бағасынан артқан кезде) жағдайда "Қазақтелеком" АҚ-ның қосымша сыйақы алу құқығы бар. "Қазақтелеком" АҚ Басқармасының Төрағасы Қуанышбек Есекеев былай деп атап өтті: "Біз жабық мәміленің нәтижелерімен және шарттарымен қанағаттанудамыз. Сонымен, оны бекіту нәтижесінде компанияның акционерлік құны елеулі өсіп кетті. Біз келешекте де біздің стратегиялық инвестициялық жобаларымызды, оның ішінде LTE (4G) желілерін құру жобасын сәтті жүзеге асыру нәтижелеріне негізделген инвесторлардың позитивті әрекетіне сенеміз". "Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс қызметі цитата соңы