"Атамекен-Агро" АҚ (Қазақстан) KZP01Y10D329, KZ2C00000248 (KATRb2) облигациялары бойынша 8-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 11,30 % құрады

06.02.12 17:40
/KASE, 06.02.12/ – "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZP01Y10D329, KZ2C00000248 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, KATRb2; 1 000 теңге, 11,0 млрд теңге, 04.08.08 – 04.08.18, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары бойынша cегізінші кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,30 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Өткен купондық кезеңде (2012 жылдың 04 ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,80 % пайызды құраған.