2012 жылдың қаңтарында биржадағы репо операциялары нарығындағы сауда-саттық көлемі 21,4 %-ға өсіп, 934,9 млрд теңгені ($6 300,3 млн) құрады

03.02.12 16:37
/KASE, 03.02.12/ – 2012 жылдың қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE)* репо операциялары нарығындағы сауда-саттық көлемі 934,9 млрд теңгені (баламасы 6 300,3 млн АҚШ долларына тең) құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,4 %-ға (20,3 % долларлық көрсетілімде) өсті. 2011 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 17,0 % (16,6 % долларлық көрсетілімде) өсті. Төмендегі кестеде 2012 жылы биржалық нарықтың аталған секторындағы сауда-саттық көлемі (тартылған сома бойынша есептелген) айларға және секторларға бөлініп көрсетілген, сондай-ақ 2011 жылдың салыстырмалы мәліметтері берілген (өзгесі көрсетілмесе, млрд теңге). --------------------------------------------------------- Автоматты репо "Тікелей" Сауда-саттық көлемі репо Жыл, -------------- ---------- -------------------- ай ББҚ МБҚ ББҚ МБҚ млрд KZT млн USD ---------- ------ ------- ----- ---- ---------- --------- 2012, I 3,9 930,5 0,5 0 934,9 6 300,3 ---------- ------ ------- ----- ---- ---------- --------- Барлығы 3,9 930,5 0,5 0 934,9 6 300,3 құрылым, % 0,4 99,5 0,05 <0,1 100,0 100,0 ---------- ------ ------- ----- ---- ---------- --------- 2011, I 4,3 765,4 0,2 0 770,0 5 238,2 тренд, % -8,4 +21,6 +96,0 х +21,4 +20,3 --------------------------------------------------------- ББҚ – беймемлекеттік эмиссионды бағалы қағаздар; ГЦБ – мемлекеттік эмиссионды бағалы қағаздар; "тікелей" репо – "тікелей" тәсілмен жүзеге асырылатын репо операциялары (репоныашудың және жабудың тікелей мәмілелерін жасау арқылы).