"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ KZPC1Y10C111 (KZ000A0TZW02, BTAIb11) облигациялары бойынша 11-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8,50 % құрады

03.02.12 17:42
/KASE, 03.02.12/ – "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC1Y10C111 (KZ000A0TZW02, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb11; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 04.08.06 – 04.08.16, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон) ипотекалық облигациялары бойынша 2012 жылдың 04 ақпанынан бастап 03 тамызына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,50 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 04 ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,50 % пайызды құрайды.