"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ KZPC3Y10B648, KZ2C00000867 (BTAIb9) облигациялары бойынша 13-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,00 % құрады

03.02.12 17:23
/KASE, 03.02.12/ – "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC3Y10B648, KZ2C00000867 ипотекалық облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb9; 100 теңге, 4,0 млрд теңге, 21.02.06 – 21.02.16, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон; 30/360) 2012 жылдың 21 ақпанынан бастап 20 тамызына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,00 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 21 ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,50 % пайызды құрайды.