"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ KZPC2Y08B644, KZ2C00000883 (BTAIb8) облигациялары бойынша 14-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,40 % құрады

03.02.12 15:56
/KASE, 03.02.12/ – "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC2Y08B644, KZ2C00000883 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb8; 100 теңге, 7,0 млрд теңге, 22.08.05 – 22.08.13, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон; 30/360) ипотекалық облигациялары бойынша 2012 жылдың 21 тамызынан бастап 22 ақпанына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,40 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 22 ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,00 % пайызды құрайды.