03 ақпаннан бастап KASE қайталама нарық секторында "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZP01Y07E083 (KZ2C00001758, TSBNb11) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

03.02.12 10:40
/KASE, 03.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 03 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZP01Y07E083 (KZ2C00001758; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 01.02.12 – 01.02.19, жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Цесна Капитал" АҚ (Астана) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2012 жылдың 01 ақпанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/tsbn мекен-жайы бойынша жарияланған.