"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің 2011 жылдағы қызметінің алдын ала нәтижелерін хабарлады

02.02.12 15:21
/KASE, 02.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2012 жылдың 02 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Астана қаласында Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) АҚ кеңейтілген алқа отырысы болып өтті, онда компанияның 2011 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің алдын ала қорытындылары жасалды. Жедел деректер бойынша, 2011 жылы мұнай және газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі 21,1 млн. тоннаны құрады, бұл жоспардағыдан 5% және 2010 жылмен салыстырғанда 4% кем. Есепті кезеңде табиғи газ өндіру 2,8 млрд. текше метрді құрады, бұл жоспардағыдан 6% артық, 2010 жылғы көрсеткіштен 1,4% төмен. Мұнайды магистралдық құбыр желілері арқылы тасымалдау 66,9 млн. тоннаны құрады, бұл жоспардағыдан 4%, ал өткен жылмен салыстырғанда 2% артық. Мұнайды теңіз көлігімен тасымалдау көлемі 9,3 млн. тоннаны құрады. Бұл 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткіштен 31% артық. Есепті кезеңде 110,5 млрд. текше метр газ тасымалданды, бұл жоспардағыдан 9% және 2010 жылғыдан 11% артық. 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мұнай өңдеудің шоғырландырылған көлемі ( соның ішінде The Rompetrol Group) 15,3 млн. тонна мұнайды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 4% артық. 2011 жылы еліміздің үш мұнай өңдеу заводында 11,4 млн. тонна мұнай өңделді. Алдын-ала деректер бойынша, 2011 жылы КМГ-нің шоғырландырылған кірісі 2,8 трлн. теңгені құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 26% және өткен жылғы табыстан 25% артық. Шоғырландырылған табыс көлемі 379,2 млрд. теңгені құрады, бұл жоспардағы көрсеткіштен 115% және өткен жылғыдан 24% артық. 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы жедел деректер бойынша, ҚМГ еліміздің бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдер түрінде барлығы 517,5 млрд. теңге төледі, бұл бекітілген жоспардан 35% және өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23% артық. 2011 жылы ҚМГ ҰК компаниялар тобы бойынша жалпы сатып алу көлемі 1 594 млрд. теңгені құрады, оның 853 млрд. теңгесіне товарлар, 323 млрд. теңгеге – жұмыстар, 417 млрд. теңгеге - қызметтер сатып алынды. Сонымен бірге жалпы көлемде сатып алудың қазақстандық үлесі 746 млрд. теңгені құрады, немесе бұл 47% деген сөз, товарларда - 37%, жұмыстарда - 52%, қызметтерді сатып алуда - 63 % болды. цитата соңы