"Capital Hotels" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
02.02.12 14:12
/KASE, 02.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Capital Hotels" АҚ (Алматы, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің
2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C53690018, KZ1C00000629 жай
акциялары) акцияларының жалпы саны 750 000 000 дана, KZ1P53690114
артықшылықты акциялары – 250 000 000 дана;
- компанияның 260 587 500 жай акциясы және 125 000 000 артықшылықты
акциясы орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
KWORTEX UNIVERSAL LLP ЖШС болып табылады, оның иелігінде банктің
360 336 766 акциясы (компанияның орналыстырылған акцияларының жалпы
санынан 93,45 %), соның ішінде компанияның 235 336 766 жай акциясы
(компанияның орналыстырылған жай акцияларының жалпы санынан
90,31 %) және барлық артықшылықты акциясы бар.